×

Түркістан облысында көлік терезесінен шығып алған мектеп түлектері анықталды

Елімізде түлектердің бірнеше жол апатына себепкер болғаны белгілі

 Қымбат Елтайқызы 26.05.2022 | 15:25
фото: polisia.kz

Түркістан облысында жүріп бара жатқан көлік терезесінен шығып алған түлектер анықталды, ал жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау соғылған күні жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының тәртіп сақшылары тәулік бойы тәртіпті қадағалады. Соның ішінде мектеп бітірушілердің көлік картежін ұйымдастыруына жол бермеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде, бірқатар заң бұзушылық анықталды», – дейді ІІМ.

Мысалы Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кіші жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы Леңгір қаласы көшелерінің бірінде кетіп бара жатқан BMW көлігі терезесінен екі жасөспірімнің шығып алғанын байқап, бірден әрекет етті. Жол қозғалысы ережесін бұзған жасөспірімдерге, олардың ата-аналарына профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жүргізушіге ӘҚБтК-нің 593-бабы (жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды, жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Маңғыстауда 100-ге жуық мектеп түлегі жауапқа тартылды. Маңғыстауда мектеп түлектері жантүршігерлік жол апатына ұшырады. Ақтауда тәртіп бұзған түлектер видеоға түсіп қалды. Тараздық түлек мінген Lexus каналға түсіп кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама