×

Қарамағындағы қызметкерлерді қойға теңеген шенеунік басқарма басшысы болды

Шенеунікке сол сөзі үшін қатаң сөгіс жарияланған

 Халық үні 27.05.2022 | 10:35
Мәди Отарбаев, фото: mgorod.kz

Мәди Отарбаев БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Мәди Отарбаев Талғар аудандық құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2016 жылы Мәди Отарбаев Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарып тұрғандар, қарамағындағыларды намысын таптайтын ауыр сөз айтып, сол үшін қатаң сөгіс алған. «Мұндай қойларды қойшыға баққызу керек» деген сөзін қол астындағы қызметкерлер жазып алып, ұжымдық шағым түсірген.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің әдеп жөніндегі кеңесі шағымды қарап, облыстың бас сәулетшісін мемлекеттік қызметшілердің құқығын бұзды деп шешті және жоғары тұрған органдарға Мәди Отарбаевқа қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама