×

БҚО-да инвестордың несие алуына негізсіз кедергі келтірілген

Мемлекеттік комиссия қаржылдандырудан бас тартқан

 Динара Амантай 05.02.2024 | 17:17
Фото: БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі

БҚО-да инвестордың несие алуына негізсіз кедергі келтірілген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы сүт-тауар фермасын кеңейту жобасын іске асырып жатқан «Ringo-Milk» ЖШС-ға көмектескен. Инвестор бүгінде жобаға 5,9 млрд теңге инвестиция салған.

Өндірісті кеңейту үшін инвесторға мемлекеттік несие қажет болған. Алайда мемлекеттік комиссия инвестордың бұрын алған несиесі бойынша берешектің болуына байланысты қаржылдандырудан бас тартқан.

Облыс прокуратурасының фронт-офис алаңында ЖШС-ның берешегі жоқ, ал өтеу үшін қаражаты бар екендігі анықталды.

Прокуратура араласқаннан кейін шоттағы бұғат алынып, инвесторға асыл тұқымды аналық ірі қара малдың қосымша 400 басын, сауын жабдықтарын, жем-шөп базасына суару жүйесін сатып алу және ауыл шаруашылығы жануарларына арналған қосымша үй-жайлар салуға мемлекеттік несие беру туралы шешім қабылданды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама