×

Анасының атына несие рәсімдеген қыз тергеліп жатыр

Жәбірленуші оны төлемдердің кешіктірілгені туралы хабарламалар келген кезде білген

 Динара Амантай 01.02.2024 | 13:05
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде өз анасының атына несие рәсімдеген қыз анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны өзінің атына белгісіз адамдардың несие рәсімдегені туралы арызданды. Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында жәбірленушінің өз қызының 2023 жылдың жазында анасының телефонынан екі банктен 5 млн теңгеден астам сомаға несие рәсімдегенін анықтады.

Жәбірленуші несие туралы банктерден төлемдердің кешіктірілгені туралы хабарламалар келген кезде білген. Қызы кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама