×

Депутаттар педофилдер мен суицидті насихаттайтындарға жазаны күшейтуді ұсынды

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 31.01.2024 | 10:34
көрнекі фото: Halyq Uni

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар әйелдер мен балалардың құқығын қорғайтын заң мен оған ілеспе заң жобасын қарауға кірісті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Отырыста «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» негізгі заң жобасы және Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ілеспе заң жобасы қаралды.  

Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов заң жобалары депутаттардың бастамасымен әзірленгенін атап өтті.

Депутаттар заң жобасында келесі негізгі нормаларды енгізуді ұсынып отыр:

Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшішік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу, және жазасын әлдеқайда қатаңдату;

Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шаралар қабылдау құқығын беру;

Үшіншіден, отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру.

Одан бөлек, балалардың қүқығын қорғауға қатысты төмендегідей бірқатар ұсыныс жасалды:

  • Педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру;
  • Cуицидті насихаттау, немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
  • Балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын-ала ескертпей, кез-келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама