×

Қарағандыда балалардың жаппай улануы: қылмыстық істің қай бап бойынша тіркелгені айтылды

Ішінде екі бала қайтыс болды

 Айгерім Таубай 30.01.2024 | 13:25
Фото: денсаулық сақтау министрлігі

2023 жылдың 30 шілдесінде Қарағанды облысындағы балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланды. Салдарынан 2 бала көз жұмды. Бас прокуратура Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында балалардың уланғанына қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

Балалардың улануы қылмыстық кодекстің 304-бабы 3-бөлігі – ауыр зардаптарға әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу бойынша тіркелген.

Қазір iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген және бағытталған барлық тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.  Тергеп-тексеру облыс прокуратурасының бақылауында, - деп хабарлады Бас прокуратура.

Бұған дейін Бас прокуратура Қарағанды қаласындағы ерекше балаларға арналған арнайы мекемеде 14 мүгедектігі бар баланың уланғаны тергеліп жатқанын хабарлады. Алайда нақты қанша адам күдікті деп танылғанын нақтыламады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама