×

Ботақара кентіндегі тұрғын үйде жарылыс болды: зардап шеккен азаматтардың қазіргі жағдайы айтылды

Жарылыс салдарынан 2 адам қаза тапты, 5 адам жарақат алды

 Халық үні 30.01.2024 | 09:38
фото: Қарағанды облысы әкімдігі

30 қаңтар сағат 00:07-де Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде екі қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Жарылыс салдарынан пәтердің үстіндегі шатыр, қабырғалар мен едендер, соның ішінде бірінші қабаттағы пәтерлер толығымен құлаған. Одан бөлек басқа пәтерлер де ішінара зақымданған.

Тұрғын үйде жалпы саны 46 адам тұрған, жарылыс кезінде 35 адам болды.

Құтқару жұмысы кезінде үйінді астынан қаза тапқан екі адам және жарақат алған бес адам, оның ішінде үш бала шығарылды. Құтқару жұмысына 139 адам және 32 техника жұмылдырылды. Апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды.

Аймақтың медициналық мекемелеріне зардап шеккен 5 адам, оның ішінде үш бала жеткізілді. Екі бала амбулаториялық емделуге жіберілді, бір бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына қанағаттанарлық жағдайда жеткізілді. Екі ересек пациенттің біреуі өте ауыр жағдайда (80% күйік шалған), екіншісінің жағдайы қанағаттанарлық. Пациенттерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама