×

Көкшетау тұрғыны әлеуметтік желідегі жазбасы үшін 3 жылға сотталды

Ер адам діни алауыздықты насихаттайтын жазба жариялаған

 Халық үні 29.01.2024 | 11:04
Фото: zakon.kz

Ақмола облысында ер адам діни алауыздықты насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Көкшетеу қалалық сотының хабарлауынша, Көкшетау тұрғыны И. Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтында діни алауыздықты қоздыруға бағытталған жазба мен видео жариялаған.

Сотта бұл іс-әрекет Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық деп танылды.

Сотталушының кінәсі әлеуметтік желідегі жазбасы, куәгерлердің айғағы, сот сараптамалары нәтижесі арқылы расталды.

Сот жаза тағайындау барысында кінәлінің кәмелетке толмаған балаларының барын және бұрын сотталмағанын ескерді.

Осылайша сот үкімімен И. 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот актісі заң күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама