×

Өткен жылы 50-ден асқан 15 мыңнан аса адам жұмысқа орналастырылды

Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет

 Динара Амантай 29.01.2024 | 10:16
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2023 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 50 жастан асқан 15 мың 166 адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осы бағыт бойынша былтыр жалпы 14 мың 295 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын.

«Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан (2 103 адам), Қызылорда (1 121 адам), Алматы (1099 адам), Қарағанды (1092 адам) және Ақтөбе (1056 адам) облыстарында байқалады.

«Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба шеңберінде жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен іске асырады.

Жұмыстың бірінші жылындағы субсидиялар мөлшері жалақы мөлшерінің 70%-ын, жұмыстың екінші жылында 65%-ын, жұмыстың үшінші жылында 60%-ын қамтиды. «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнет жасына толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, сондай-ақ зейнеталды жастағы азаматты зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыспен қамтуға міндетті, – деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.

50 жастан асқан және зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар аталған жобаға қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама