×

1-сынып оқушыларына қосымша демалыс берілді

Ел мектептерінде 382 мыңнан аса бала бірінші сыныпта оқып жатыр

 Халық үні 29.01.2024 | 09:16
Фото: Halyq Uni

Ел мектептерінде 1-сынып оқушыларына қосымша демалыс беріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Еліміздің мектептерінде 2024 жылдың 8 қаңтарынан бастап 10 оқу аптасынан тұратын 3-тоқсан басталды.

1-сынып оқушыларына 2024 жылдың 5-11 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылында мектептерде 3,9 миллионға жуық қазақстандық білім алып жатыр. Оның ішінде 382 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама