×

Астанада бала күтуші үй иесінің алтын заттарын ұрлаған

Ұрланған бұйымдар 1 млн 762 мың теңгеге бағаланды

 Дастан Жұмабекұлы 23.01.2024 | 15:28
Фото: polisia.kz

Астанада 46 жастағы әйел бала күтуші болып жұмысқа орналасып, үй иесінің алтын заттарын ұрлаған.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, бала күтуші жұмыс кезінде алтын сырғалар, сақина мен гауһар білезікті қалтасына басып, үй иесі пәтерге келгенге дейін қашып кеткен. Осыдан кейін пәтердің иесі үйге келіп, жоғалған қымбат заттарын таппағаннан кейін полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары арыз түскен бойда бала күтушінің қай жерде жүргенін анықтап, оны лезде тапқан.

Қазір осы қылмысқа қатысты тергеу басталды. Әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Полиция анықтағандай, ол бұрын алаяқтық үшін сотталған болып шықты.

Ұрланған алтын бұйымдар 1 млн 762 мың теңгеге бағаланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама