×

Алматыда екі балдық жер сілкінісі сезілді

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытайдың шекарасында орналасқан

 Халық үні 23.01.2024 | 10:19
Фото: Тимур Батыршин

Алматыда таңғы 9:52 кезінде тағы да жер сілкінді.

Төтенше жағдайлар министрлігі тіркеген жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа 254 шақырым жердегі Қырғызстан мен Қытайдың шекарасында орналасқан.

Алматыда екі балдық жер сілкінісі сезілді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.5.

MPV магнитудасы – 5.2.

Тереңдігі – 5 шақырым.

Айта кетейік, Алматыда 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні бірнеше рет жер сілкінді. Алғашқысын қала тұрғындар 23 қаңтар cағат 00:05 шамасында сезді.

«Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сағат 00:42-де екінші жер сілкінісін тіркеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама