×

Алматы облысында заңсыз жұмыс істеген казинодан қомақты қаржы тәркіленді

Ғимараттан 225,5 млн теңге, 15 мың еуро, 38,5 мың доллар анықталды

 Дәурен Ерболат 19.01.2024 | 17:17
Фото: pakspoker.com

Қапшағайда заңсыз жұмыс істеген онлайн казино анықталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Экономикалық қылмысты ҚМА Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады.

Заңсыз жұмыс істеген онлайн-казино «Макао» казиносының ішінде болған. Ол Қапшағай қаласында орналасқан. Онда ойыншыға жеке басын анықтаусыз, заңдағы ережелерді бұза отырып, спорттық іс-шараларға бәс тігуге, ойын үстелдері мен рулеткаларда ойнауға мүмкіндік берілген.

Биыл 17 қаңтарға қараған түні басқарманың жедел-тергеу тобы аталған казиноға тінту жүргізді. Нәтижесінде 225,5 млн теңге, 15 мыңнан аса еуро (7 млн 374 мың 568 теңге, 1 еуро – 491,64 теңге), 719 мың рубль (3 млн 668 мың 67 теңге, 1 рубль – 5,10 теңге), 34 мың юань (2 млн 159 мың 636 теңге, 1 юань – 63,52 теңге) және 38,5 мың доллар (17 млн 397 мың 33 теңге, 1 доллар – 451,87 теңге) ұялы телефондар, бухгалтерлік құжаттар, жүйелі блоктар, ресивер, бейнекамералар, мониторлар, флэш-карталар, серверлер мен бейнетіркегіштер табылып, тәркіленді.

Тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама