×

Маңғыстау облысында қандас елден шығарыла жаздады

Істі Жоғарғы сот қайта қараған

 Дәурен Ерболат 19.01.2024 | 15:35
Фото: zakon.kz

Маңғыстау облысында қандас мәртебесін алған қазақ елден шығарала жаздады, деп хабарлады облыстық прокуратура.

Алайда өңірдегі прокурорлар оның құқығын қорғаған.

Ақтау қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен Өзбекстан азаматы Н. Қибасов тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстаннан кетуден жалтарған. Осыған байланысты оның үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабы 4-бөлігі бойынша хаттама толтырылған. Осылайша, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстаннан кетуге міндеттелген. Заңнанамаға сәйкес, сот шешімімен елден шығарылған азамат 5 жылға дейін қайта Қазақстанға кіре алмайды, - деп жазылған хабарламада.

Маңғыстау облысының прокуратурасы Н. Қибасовтың қандас мәртебесін алғанын, Қазақстан азаматтығын алу үшін құжаттар рәсімдеп жатқанын ескеріп, Бас прокуратураға оған тағайындалған жазаны жеңілдету туралы ұсыныс жіберген.

Бас прокуратураның наразылығы бойынша Жоғарғы сот аталған сот қаулысының күшін жойып, істі жаңадан қарауға шешім қабылдады. Істі жаңадан қарау нәтижесінде сот Н. Қибасовқа айыппұл салды. Бірақ оған елден шығару жазасы қолданылмады.

Бұған дейін құжаты жоқ мыңға жуық қазаққа елімізде тұруға рұқсат берілгені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама