×

Бишімбаевтың бауыры 2 бап бойынша тергеліп жатыр

Екеуінде де 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

 Еркеғали Болатұлы 19.01.2024 | 13:44
фото: egemen.kz

Қаза тапқан Салтанат Нүкенованың отбасының адвокаты Жанна Уразбахова өзінің Instagram-дағы парақшасында Қуандық Бишімбаевтың бауырына қатысты 2 бап бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.

«Күдіктінің бауырына қатысты. Мен бұрын жазғанымдай, аса ауыр қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша іс кісі өлтіру туралы негізгі іспен бірге тергелді.

Қазір бауыры 2 бап бойынша күдікке ілініп отыр:

  • Қылмыстық кодекстің 432-бабы («Қылмысты жасыру»);
  • Қылмыстық кодекстің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау»).

Екі бап бойынша да жаза мерзімі 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бауырына қатысты іс пен кісі өлтіру фактісі бойынша негізгі іс бірге қаралады, - делінген адвокат Жанна Уразбахованың хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәжілісте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қуандық Бишімбаевқа қатысты қандай баптар бойынша іс қозғалғанын айтып берген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама