×

Келісімшартпен қызмет атқарып жүрген сарбазға мемлекет жағдай жасайды

Олардың отбасы мүшелеріне тұрғын үй өтемақысы төленеді әрі тегін медициналық қызмет көрсетіледі

 Дәурен Ерболат 18.01.2024 | 17:36
Фото: Ұлттық ұлан

Былтыр әскерге шақырылған 200-ге жуық сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп, әскери қызметін келісімшарт бойынша жалғастырды, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Бүгінде олар Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде бөлімше командирі, кинолог, жүргізуші, медицина қызметінің сержанты, іс-қағаз жүргізу маманы сынды әскери қызметтерді атқарып жүр.

Сарбаздар арасында сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде оларға әскерде қызмет ету үшін мемлекеттің жағдай жасайтыны ұнаған.

Мысалы, кіші сержант Азамат Төлегенов  Ұлттық ұлан қатарына 2020 жылы шақырылып, Қостанай қаласындағы №6697 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеген. Содан кейін ол Ұлттық ұлан сапында 25 жыл қызмет еткен әкесінің жолын жалғастырамын деп шешім қабылдаған.

Бір жыл ішінде әскери өмір жайлы көп нәрсе білдім. Әсіресе, маған келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскерилерге жасалатын әлеуметік жағдай ұнады. Әкеммен ақылдасып, туған өлкем Өскемен қаласында әскери қызметте боламын деп шештім, - деді Азамат Төлегенов.

Ұлттық ұланның мәліметінше, бүгінде әскери қызметкерлердің отбасы мүшелеріне тұрғын үй өтемақысы төленеді әрі оларға тегін медициналық қызмет көрсетіледі және тағы басқа әлеуметтік қолдау қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама