×

Павлодар облысында 25 млн теңге ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Күдіктілер Ақсу қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды

 Дастан Жұмабекұлы 18.01.2024 | 16:21
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында азаматтарды 25 млн теңгеге алдаған алаяқтардың қылмыстық тобы ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы Ақсу қаласы тұрғындарының, оның ішінде Ақсу ферроқорытпа зауыты қызметкерлерінің сеніміне кіріп, 25 млн теңгені иемденген.

Қылмыстық топтың құрамында Ақсудың екі тұрғыны болды. Күдіктілерді Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық полиция ведомствосының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ұстады.

Ұсталған азаматтар 6 рет алаяқтықпен айналысып, адамдардың ақшасын жымқырған деген күдікке ілінді. Шығын көлемі 25 млн теңгеден асады.

Сондай-ақ күдіктілердің Павлодар облысында болған басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Олар Ақсу қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды.

Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Диас Қадыровтың айтуынша, күдіктелер Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама