×

Астанада жас жігіт техника дүкенінде ұрлық жасаған

Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 18.01.2024 | 12:19
фото: Halyq Uni

Астана қаласы ПД іздеу бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 25 жастағы азаматты анықтады.

Тергеу барысында жігіттің кешкі уақытта Есіл ауданында орналасқан сауда ойын-сауық орталығындағы электронды техника дүкеніне келгені белгілі болды.

Сатып алушы кейпінде тауарларды қарап жүріп, қаскүнем әрекеттерін бақылап тұрған куәгерлердің жоқтығына көз жеткізген соң гаджеттер тұрған сөреден құны 80 мың теңгедей тұратын Samsung сымсыз құлаққабын алып кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Жігіттің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталу үстінде.

Астана қаласының полиция департаменті сауда нүктелерінің иелеріне қырағы болуды және дүкендерді ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын енгізуді ұсынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама