×

Министрлік ұлттық палатаның Құрылыс кодексі жобасына қатысты сынына жауап берді

«Атамекен» ҰҚП құрылыс кодексінің жобасына 108 позициядан тұратын ескерту жіберген, оның бір бөлігі қабылданған

 Халық үні 17.01.2024 | 16:56
Фото: Halyq Uni

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының сынына жауап берді. Мәселе Құрылыс кодексінің жобасына қатысты болды, Ұлттық палата оны сапасыз әзірленгенін жариялады.

2024 жылдың 16 қаңтарында «Атамекен» ҰКП сайтында жарияланған материалға сәйкес, сарапшы Ирина Манжанова кодекстің құрылыстан басқа мәселені шеше алмайтынын айтқан.

Құрылыстың басы қасында жүрген, іргетасын қалап, ғимарат пен нысандар салып жатқан құрылысшылар қолданыстағы заңнамамен тағы екі-бес жыл тыныш жүмыс істей берер еді. Кодекс құрылыстан басқа мәселені шеше алмайды. Ал іс жүзінде құжат тұтас индустриядағы мәселелерді шешіп, қызметті реттейтін, бұзушылықтар үшін жаза, талаптан тұруы керек еді. Бұл міндет орындалмай қалған, деген сарапшы.

Сондай-ақ бірқатар мәселені атаған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс кодексінің жобасында адамның жайлы және қауіпсіз ортасы мен тыныс-тіршілігін қалыптастыруға, елді мекендерді орнықты дамытуға, оның ішінде құрылыс сапасын қамтамасыз етуге басымдық берілгенін айтады. Ал бизнестің негізгі басымдығы – пайда табы және мемлекеттік реттеуді барынша азайту.

Түбегейлі жаңа, креативті және заманауи шешімдердің болмауына қатысты сынға министрлік жауап берді.

Мамандарды сертификаттауды енгізіп, бірыңғай цифрлық тізілім құру, берілген барлық рұқсатқа тексеру жүргізу, құрылысты бақылаудың «жедел ден қою шарасы» жаңа нысаны, сеніп тапсырылған аумақта құрылыс салу бойынша шешім қабылдайтын тұлғаларға жауапкершілік белгілеу, аумақтарды жоспарлау және салу кезінде қоғамдық бақылау, ақпараттық модельдеу, сейсмикалық аймақтардағы құрылыс ерекшеліктері, жоспарлы инспекциялау тетігін енгізу және объектілерді пайдалануға қабылдауға мемлекеттің қатысуы, кепілдік мерзімін ұлғайту қамтылған. Демек, Құрылыс кодексінің жобасы уақыт талаптары мен саланың қажеттіліктеріне сәйкес келеді, - делінген министрлік жауабында.

Жеке сараптаманы толық жоюға қатысты министрлік Үкіметтің ғимараттардың құлау қаупін болдырмау мақсатында сараптамалық қызметтің мемлекеттік монополиясына, адам өміріне және оның қауіпсіздігіне байланысты құрылыс жобаларын бекіту туралы шешіміне сүйеніп жауап берді.

Құрылыс кодексінің қабылдануына қарай құрылыс жобаларына сараптама көлемі қайта қаралып, тиісті нормативтік құқықтық заңға тәуелді актімен бекітілетін болады, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ «Атамекен» ҰҚП құрылыс кодексінің жобасына 108 позициядан тұратын салыстырмалы кесте түрінде ұсыныстар мен ескертулерін 2023 жылдың қыркүйегінде жіберген. Оның ішінде 34 ұсыныс қабылданған.

Мининтрліктің хабарлауынша, Құрылыс кодексінің жобасы зкономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, құқықтық сараптамадан, оның ішінде Палатаның сараптамасынан өтті. Палата сараптамасының қорытындысын алған сәттен бастап Кодекстің жобасы мемлекеттік органдар ұсынған ескертулерді ескере отырып өзгертілді.

Айта кетейік, 2024 жылдың 17 қаңтарында Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Құрылыс кодексі мен оған ілеспе заң жобасын қарауға кірісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама