×

Шетелден әкелінген 304 мың автокөлік заңдастырылды (ВИДЕО)

Оның ішінде 21 мың автоконструктор мен 55 мың көлік уақытша есепке алынды

 Дастан Жұмабекұлы 17.01.2024 | 14:22
Фото: Halyq Uni

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, қазір мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізге шетелден былтыр 1 қыркүйекке дейін әкелінген автокөліктерді заңдастыру жұмысы одан әрі жалғасып жатыр.

Заңдастыру аясында барлығы 304 мыңнан астам автокөлік Қазақстанның нөмірін алып, тіркелген. Оның ішінде 21 мың автоконструктор мен 55 мың автокөлік уақытша есепке алынды.

Енді әлі күнге дейін заңдастырылмаған шетелдік автокөліктер техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес барлық төлемдерді төлеп, тіркеле алады. Ал егер автокөлік иелері көліктерді тіркеп үлгермесе немесе тіркегісі келмесе, белгіленген тәртіпке байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама