×

Әйелін бірнеше рет ұрып-соққан Рахат Тұрлыханов 10 күнге қамалды

Қаулы заңды күшіне енді

 Халық үні 16.01.2024 | 12:43
Фото: Halyq Uni

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың інісі Рахат Тұрлыханов 10 күнге қамалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы қалалық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарады.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік ескерту түрінде қаулы шығарған.

Аталған материалды қарау барысында сот алқасы оның бұрын әйелін бірнеше рет ұрып-соққанын ескеріп, бірінші сатыдағы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді. Осылайша қаулы өзгеріп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес, Тұрлыхановқа қатысты жаза ескертуден 10 тәулікке қамауға өзгерді.

Қаулы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама