×

Сарыағашта 5 жасар қызды өлтірген педофил ісіне қатысты тағы бір адам сотқа тартылды

Ол жұмысына салғырт қарады деген күдікке ілінді

 Еркеғали Болатұлы 16.01.2024 | 10:05
фото: otyrar.kz

Түркістан облысында 5 жасар Еркежан Нұрмаханды қатігездікпен өлтірген педофилдің ісіне қатысты пробация қызметкері сот алдында жауап беріп жатыр.

Пробация қызметкері жұмысына салғырт қарады деген күдікке ілінді. Оған ауыр қылмыстың алдында шартты түрде жазаға кесілген Гайбназар Сайдалиевке тиісті түрде бақылау жүргізбеген деген айып тағылған.

Еске сала кетсек, 2023 жылы 13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар Еркежан Нұрмахан жоғалып, денесі сау тамтығы қалмаған күйінде көрші үйдің шатырынан табылған еді. Ал бүлдіршіннің өліміне бұған дейін де адам өлтірді деп айыпталып, 10 жыл түрмеде отырып шыққан көршісі күдікке ілінді. 7 қыркүйекте Түркістан облысында 5 жасар қызды аяусыз өлтірген педофилге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама