×

Йемендегі арнайы операция: СІМ консулдық есепте тұрған қазақстандықтар жоғын мәлімдеді

Әскери операция 12 қаңтарда басталды

 Дәурен Ерболат 15.01.2024 | 17:20
photo @ UK MOD

Бүгінде Йемен аумағында зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Йемен аумағында консулдық есепте тұрған Қазақстан азаматтары жоқ. Сондықтан қандай да бір зардап шеккен Қазақстанның азаматы туралы ақпарат түспеді, - деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, 12 қаңтарда АҚШ пен Ұлыбритания Йеменнің солтүстігінде билік жүргізетін хуситтерге қарсы әскери операция бастады. Қос ел басқарушысы бұл әрекетін коммерциялық маңызды нысанды қорғау мақсатында жүргізіліп жатыр деп түсіндірді.

Соңғы уақытта хуситтер Иранның қолдауымен Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне шабуыл жасай бастаған. Бүгінде хуситтер Йеменнің солтүстік-батысы мен елдің астанасы Сананы бақылауында ұстап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама