×

Алматыда 17 жастағы қыз төрт күннен бері табылмай жатыр

Бойы – 176-178 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр

 Еркеғали Болатұлы 15.01.2024 | 14:58
фото: дереккөз

Алматыда 17 жастағы Айша Құрманбек төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлады inAlmaty.kz.

10 қаңтарда сағат 14:30 шамасында бойжеткен Талдықорғаннан шығып кеткен. Еріктілердің айтуынша, жоғалған қыз Алматыда болуы керек.

Белгілері: бойы – 176-178 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр. Үстінде қоңыр пәлте, ақ орамал, қызыл жемпір, қолында ұялы телефоны болған.

Қыздың шамамен қай жерде екені белгілі – Райымбек көшесіндегі бизнес-парктің ауданы, 212. Осы ауданда тұратын немесе жұмыс істейтіндердің барлығына өтініш білдіреміз. Суреттегі қызды мұқият қарап, табуға көмектессеңіз, - деп жазған еріктілер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама