×

Ақтөбе облысында тағы да жолда қалған шетел азаматтары құтқарылды

Бұл жолы автобуста Өзбекстанның 55 жолаушысы болған

 Дастан Жұмабекұлы 14.01.2024 | 09:40
Фото: https://t.me/qr_tjm

Ақтөбе облысында тағы да жолда қалған шетел азаматтары құтқарылды

Ақтөбе облысында «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының 965 шақырымында «Ташкент-Казан» қатынасымен жүретін жолаушылар автобусы бұзылып қалып, көлікте отырған 55  Өзбекстан азаматы құтқарылды.

ТЖД жолаушыларды Қарабұтақ ауылының мешітіне апарып, орналастырды. Оларға медициалық көмек қажет болған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі жолаушыларды аязды күні алыс жолға шықпауды тағы да ескертеді.  

Бұған дейін де хабарланғандай, Ақтөбе облысында Ресейге бара жатқан қырғызстандық азаматтар құтқарылды.

Бұл адамдар мінген автобус та «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолында бұзылып қалған. Автобуста Қырғызстанның 30 азаматы болған.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама