×

Астанада жеңілдетілген несиемен көлік алғысы келген тұрғын алаяққа алданып қалды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 12.01.2024 | 10:55
Фото: Halyq Uni

Елорда тұрғынын жеңілдетілген несиемен көлік алып беремін деп алдаған азамат анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елордалық 33 жастағы азамат тұрғыннан 1 миллион теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп, оған жеңілдетілген бағдарлама бойынша несиеге жаңа көлік алуға көмектесемін деп уәде берген. Ер адам тұрғынды 6 ай бойы сендіріп келген. Арада біраз уақыт өткен соң жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, полицияға хабарласқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмысқа қатысы бар азаматты анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Қазір оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама