×

Африка құрлығының 19 азаматы еліне қайтарылды

Әуе тасымалы қала әкімдігінің көмегімен ұйымдастырылды

 Динара Амантай 11.01.2024 | 15:11
Фото: polisia.kz

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған Африка құрлығының 19 азаматы еліне қайтарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматының көші-қон қызметінің мәліметінше, аталған шетелдіктер біздің елде болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған7 Атап айтқанда, заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот шешімімен мемлекетімізден шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Айта кету керек, әуе тасымалы қала әкімдігінің көмегімен ұйымдастырылды. Ол бірнеше кезеңде өтеді. Африкадан келген заңсыз келімсектердің кезекті легін қаңтардың соңына дейін жөнелту жоспарланған, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама