×

Қызылшадан көз жұмған сәбилер: ДСМ оқиғаның мән-жайын айтты

Олар дәрігерлердің бақылауында болған

 Дәурен Ерболат 10.01.2024 | 16:10
Фото: E1.RU/Артём Устюжанин

Сәбилердің қызылша ауруынан көз жұмғаны расталды. Бұл туралы ДСМ ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының орынбасары Әйгерім Оспанова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қайғылы оқиға былтыр желтоқсанда болған.

Бірінші жағдай Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Онда 6 айлық сәби (қызылшадан) көз жұмды. Ата-ана баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Кейін сәбиді ауруханаға жатқызғанда оның ауруы асқынып, жағдайы нашарлаған. Өкінішке қарай бала қайтыс болды. Бүгінде сараптама жүргізілді. Клиникалық және патологиялық зерттеудің қорытындысы өлімнің қызылшадан болғанын көрсетті.

Екінші жағдай (қызылшадан көз жұмған, – автор), сәби 4 айлық болған. Ол ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Сараптама тағайындалып, диагноз расталды. ШҚО-дағы сәбидің анасы да екпе алмаған. Ол баласын емізген. Екінші сәби емізікпен тамақтандырылған, - деді Әйгерім Оспанова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, кеше елімізде 800 мыңға жуық баланың екпе алмағаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама