×

Хостелдегі қайғылы жағдай: Сырым Шәріпханов өрттің шығуына себеп болған факторларды атады

Өрт салдарынан 13 адам қаза тапқан еді

 Дәурен Ерболат 09.01.2024 | 13:21
photo © Sputnik/Ертай Сарбасов

Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов Алматыдағы хостелдің өртенуіне не себеп болғанына қатысты болжамын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біріншіден, жарық құрылғысы қызып әрі балқып, сымдардың қысқаша тұйықталуынан болуы ықтимал. Екіншіден, өрттің шығуы. Мәселен, біреу темекі тұқылын немесе сіріңкені лақтырған болуы мүмкін. Міне, негізгі себептер – осы факторлар, - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Айта кетейік, 2023 жылдың қарашасында Алматыдағы хостелдердің бірінде 13 адам қаза тапты. Өрттен қаза тапқан 13 адамның үшеуі студент екенін хабарланды. Бір студент колледжде білім алса, екеуі жоғары оқу орнында оқып жүрген.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналистердің «Алматыдағы қайғылы жағдайдан кейін Қазақстандағы студенттер тұратын хостелдердің бәрі тексеріле ме?» деген сұрағына жауап берді.

Министрдің айтуынша, еліміздегі хостелдердің басым бөлігі жекенің меншігінде.

Заңда белгіленген талаптар бар. Қазақстанда жеке компанияларды тексеруге мораторий жарияланған. Әдетте, бұл хостелдердің барлығы жекенің меншігінде. Сондықтан үкіметтік комиссия шеңберінде қандай да бір шешімдер қабылданады. Мұнда заңның талаптарын қатаң сақтау керек, - деді Саясат Нұрбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама