×

Министр жыл сайын су басатын елді мекендерді көшіру жайлы ұсыныс айтты

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мемлекет тарапынан өтемақы беріледі

 Дәурен Ерболат 09.01.2024 | 12:46
көрнекі фото: Halyq Uni

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қазақстанда су тасқыны қаупі бар елді мекендердегі тұрғындарды көшіруді ұсынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, былтырғы талдау нәтижесінде ойпатты жерлер мен өзенге жақын орналасқан үйлер су астында қалған.

«Мәселен, Қостанай облысына қарасты Қарамырза ауылындағы Тімтуір өзенінің жағасында орналасқан тұрғын үйлер бірнеше жыл қатарынан судың астында қалды.  

Былтыр Шыңғырлау өзеніндегі (БҚО) су арнасынан асып, Кентүбек және Бақтыарал ауылдарындағы үйлер су астында қалды.

Түркістан облысы Арыс қаласындағы су басқан тұрғын үйлер су қорғау белдеулерінің аумағында орналасқан.

Сондай-ақ Ақтөбе облысы Қобда ауылындағы үйлер жердің ойпатты бөлігінде салынған», - деді министр.

Сырым Шәріпханов су тасқыны қаупі бар елді мекендерді көшіруді ұсынды.

Қазір ғимараттарды су қорғау белдеулеріне орналастыру – барлық жерде проблема! Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мемлекет тарапынан өтемақы төленеді.

Бірінші кезекте, әкімдіктер осы елді мекендерді қорғауды қамтамасыз етуін немесе оларды көшіру мүмкіндігін қарастыруын және бұл аймақтарда болашақта құрылысқа тыйым салуын қажет деп санаймын, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама