×

Алматының тұрғыны екі ұлын өлтірді деген күдікке ілінді (ВИДЕО)

Туған әкесі балаларды ауруханаға емес, жалға алған пәтерге апарып, ойына келгенін істеген

 Дастан Жұмабекұлы 09.01.2024 | 12:13
Фото: Halyq Uni

Алматыда екі ұлын өлтірді деген күдікпен жергілікті азамат ұсталып, оған қатысты ұылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оқиға өткен бейсенбіде жалдамалы пәтерлердің бірінде болған. Күдікті әжеcінің қарауында болған балаларды ауруханаға апарамын деп алып кеткен. Балалардың үлкені 5-сыныпта, кішісі 2-сыныпта оқыған. 

Алматы қалалық полиция департаменті балалардың қазасына қатысты қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.

Алмалы аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Жағдайлар анықталып жытыр, – деп хабарлады полиция департаменті.

Қайтыс болған балалардың жақындарының айтуынша, туған әкесі оларды ауруханаға емес, жалға алған пәтерге апарып, ойына келгенін істеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама