×

Жамбыл облысында қабір қоршауын ұрлағандар ұсталды

Ер адамдардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр

 Динара Амантай 08.01.2024 | 13:35
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында қабір қоршауын ұрлағандар ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жамбыл аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары аумақты патрульдеу барысында зираттағы қабір қоршауларын ұрлады деген күдікпен 31 және 34 жастағы Тараз тұрғындарын ұстады. Қылмыс үстінде қолға түскен ер адамдар қоршауларды бұзып, металдарын ұрламақ болған. Олар зираттарды ақша үшін талқандап, қоршауларын бөлшектеп, темірге өткізуді жоспарлағанын мойындады.

Ұсталғандардың Volkswagen Golf-3 және ВАЗ-2109 автокөліктерінің жүк салғышынан қабір қоршауларының бөліктері және арнайы бұзатын құрал табылды. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адамдардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама