×

Алматы облысында екі апта бойы із-түзсіз кеткен қыз табылды

Ол жоғалған күні үйінен таксиге отырып, Есік қаласына дейін бұрылысқа кетіп, көліктен түсіп қалған

 Еркеғали Болатұлы 07.01.2024 | 16:58
фото: Halyq Uni

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов 2023 жылдың 25 желтоқсанынан бері іздеуде жүрген тұрғынның табылғанын мәлімдеді.

2023 жылдың 25 желтоқсанында Алматы облысы ПД аумақтық бөлімшесінің полициясына 1990 жылы туған азамат А.-ның туыстары оның хабарсыз кеткенін хабарлады. Өтініш дереу Кеген аудандық ПБ-ға тіркелді және барлық қажет іздестіру шарасы қолға алынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жоғалған қыздың қайда екені анықталып, облыстық полиция департаменті оны жақын туыстарына тапсырды, - деп жазды Бауыржан Әленов Instagram-дағы парақшасына.

Бұл ретте алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін қызбен тиісті профилактикалық әңгімелер жүргізілген.

Бұған дейін Lider.kz еріктілері қызға іздеу жарияланғаны туралы хабарлама жариялаған болатын. Хабарламада оның жоғалған күні үйінен таксиге отырып, Есік қаласына дейін бұрылысқа кетіп, көліктен түсіп қалғаны айтылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама