×

Елена Рыбакина WTA 500 Brisbane International турнирінің чемпионы болды

Екінші ойында Елена 6-3 есебімен жеңіске жетті.

 Халық үні 07.01.2024 | 12:34
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Елена Рыбакина Австралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жетті. Финалдық матчта Қазақстан спортшысы Беларусь теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңді.

Небәрі 25 минутқа созылған алғашқы сетте Рыбакина жеңіске жетті. Есеп – 6:0. Екінші ойында Елена 6-3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан теннис федерациясы 2023 жылы әйелдер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның табысы туралы мәлімет жариялады.

Елена Рыбакина биыл 4,6 млн доллар (шамамен 2 млрд 200 млн теңге) табыс тапты, –  деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.

Сонымен бірге хабарламада табысы ең жоғары 10 теннисшінің тізімі жарияланды. Бұл тізімде бірінші орында Беларусь өкілі Арина Сабаленко келеді. Ол биыл  7,3 млн доллар тапты.

Одан кейінгі орынға мына теннисшілер орналасқан:

  • Коко Гауфф – 5,5 млн доллар;
  • Ига Швентек – 5,4 млн доллар;
  • Елена Рыбакина – 4,6 млн доллар;
  • Маркета Вондроушова – 4,2 млн доллар;
  • Джессика Пегула – 4,1 млн доллар;
  • Каролина Мухова – 2,8 млн доллар;
  • Oнс Жабер – 2,7 млн доллар;
  • Петра Квитова – 2,4 млн доллар;
  • Мэдисон Киз – 2,3 млн доллар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама