×

Абай облысында КамАЗ автоцистернасы өртенді

Өрт сөндірушілер үлкен жарылыстың алдын алды

 Динара Амантай 06.01.2024 | 16:29
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт сөндірушілер мен полицейлер бензин цистернасының жарылу қаупінің алдын алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметккерлерінің мәліметінше, кеше кешке Аягөз аудандық полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан Ақтоғай ауылында КамАЗ автоцистернасының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

Қауіпті аймақ қоршауға алынып, жақын маңдағы үйлердің 52 тұрғыны эвакуацияланды, оның 20-сы – балалар. Жанармай цистернасында 20 тонна жанармай болған, сондықтан цистернаның жарылу қаупі бар екені анықталды. Жанармай құйылған автоцистернаның өртін сөндіру үшін көбік қолданылды. Өрт сағат 20:30-да сөндірілді, – делінген хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қауіп жағдайында бірлескен күш-жігері, сонымен бірге қабылданған дұрыс шешім мен әрекеттер уәкілетті органдар қызметкерлерінің жалынды ауыздықтауына көмектесті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама