×

Ресейлік хакер Никита Кислицин өз еліне экстрадицияланды

Ол АҚШ-тың сұрауы бойынша ұсталды

 Дастан Жұмабекұлы 04.01.2024 | 13:03
Фото: GroteckBiz

F.A.C.C.T. компаниясының қызметкері Никита Кислицин Ресейге экстрадицияланды. Бұл мәліметті Бас прокуратура растады, деп хабарлады Kazinform

Ведомствоның хабарлауынша, былтыр 21 желтоқсанда Кислицин тиісті тәртіп бойынша өз еліне экстрадицияланған.

2023 жылы маусым айында Бас прокуратура Ресей азаматы, ІТ саласының маманы Никита Кислицин АҚШ-тың сұрауы бойынша Қазақстанда ұсталғанын растаған еді.  

Бұған дейін Ресей киберқылмысқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз ету компаниясының департамент басшысы Никита Кислицинге іздеу жариялап, Мәскеудің аудандық соты оны қамауға алу жөнінде шешім шығарған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама