×

Павлодарлықтар қазақ тілін тегін үйрене алады

Курс қызық форматта ұйымдастырылады

 Дәурен Ерболат 03.01.2024 | 11:31
Фото: zakon.kz

Павлодарда тұрғындар қазақ тілі курсына тегін жазыла алады, деп хабарлады қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Курс барлық санаттағы тұрғындарға арналған.

Оқу құралдары тегін беріледі. Оқу процесі «Ана тілі» мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі. Сабақтар аптасына 2 рет тұрғындарға ыңғайлы уақытта өтеді. Курс интерактивті тапсырмалар, тестер, бағалау және тексеру элементтерін ескеріп, жаңа технологияны қолдану арқылы қызық форматта ұйымдастырылады, - деп жазылған хабарламада.

3 айлық курс 2024 жылғы 1 ақпаннан басталады. 

Курсқа 65-23-63, +7 701 526-93-21 (WhatsApp нөмірі) телефондары бойынша немесе otdkultpvl@yandex.kz электронды поштасы арқылы жазылуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама