×

Украина жауап ретінде Ресейді атқылады (ВИДЕО)

Шабуылдан 20 адам қаза тапты

 Дастан Жұмабекұлы 31.12.2023 | 10:46
Фото: Reuters

Украина қарулы күштері Ресейдің Киевті бомбалауына жауап ретінде Белгород қаласын атқылады. Соның салдарынан 21 адам қаза тапты. Бұл туралы Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков хабарлады.

Оның айтуынша, тағы 30 адам аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Украина қарулы күштерінің шабуылынан 30 көпқабатты тұрғын үйдегі 344 пәтерге зақым келген. Ал жалпы зымыранмен атқылаудан зардап шеккендер саны 100 адамға жеткен, – деді ол.

Еске сала кетсек, Ресей әскерінің 29 желтоқсанда Украина аумағына жасаған ракеталық шабуылынан кемі 40 адам қаза тауып, 160-қа жуық адам жараланған болатын. Бұл туралы Украина Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ресей әскері 29 желтоқсанға қараған түні және 29 желтоқсанда таңертең Украинаның Киев, Харьков, Одесса, Львов, Днепр, Запорожье қалаларын ракеталармен және дрондармен атқылады. Жалпы шабуылға 120 қала мен село ұшырады. Бүкіл Украина аумағында дабыл қағылды.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің шамамен 110 ракета жібергенін айтты. Зымырандар перзентхана, оқу орындары, сауда орталықтары, көпқабатты үйлер, жер үйлер, қоймалар және саябақтарға түсті.

Шабуылға Киев, Львов, Одесса, Днепр, Харьков, Запорожье және басқа қалалар ұшырады, – деді Зеленский.

Украина қарулы күштерінің бас командирі Валерий Залужный Ресей әскері 158 ракета және дронмен шабуылдағанын, атылған зымырандардың арасында 5 «Кинжал» баллистикалық ракетасының болғанын айтты.

Залужныйдың айтуынша, Украина Ресейдің 87 ракетасы мен 27 дронын атып түсірген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама