×

Астана халықаралық әуежайының әуеайлағы жабылды

Әуекомпаниялар рейстерін кейінге қалдыруға шешім қабылдады

 Ая Өміртай 30.12.2023 | 11:14
Фото: Halyq Uni

Бүгін 09:00-12:00 аралығында қолайсыз ауа райына байланысты Астана халықаралық әуежайының әуеайлағы жабық тұр, деп хабарлады Halyq Uni.

Қазір елорда әуежайына қонатын 27 әуе рейсі кешіктіріліп жатыр. Сондай-ақ, әуежайдағы ұшу-қону үшін қолайсыз ауа-райы орнауына байланысты әуекомпаниялар рейстерін кейінге қалдыруға шешім қабылдады.

Жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Авиациядағы басты қағида – қауіпсіздік, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама