×

Жетісу облысында заң бұзған жүргізушілерден көлікті айыптұраққа қойғаны үшін заңсыз ақша алынған

Қазір автокөлік иелерінен ақша алынбайды

 Динара Амантай 27.12.2023 | 17:32
Фото: Halyq Uni

Панфилов ауданының прокуратурасы айыппұл тұрағында көлікті сақтағаны үшін ақшаны заңсыз өндіріп алуды болдырмау жөнінде шаралар қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аудан аумағында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың көлік құралдарын кәсіпкердің сенімгерлік басқаруындағы айыппұл тұрағына жеткізіп отырған, ол автомобиль үшін тәулігіне 3 мың теңге алған.

Заң нормаларына сәйкес, арнайы тұрақтар жергілікті бюджет есебінен ұсталуы керек және азаматтар үшін өтеусіз болуға тиіс.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Панфилов ауданының ТКШ бөлімі кәсіпкермен шартты бұзды, сондай-ақ көліктерді уақытша сақтауға бюджеттен қаражат бөлінді.

Қазір автокөлік иелерінен ақша алынбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама