×

Джеки Чан шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

Актердің денсаулығына қатысты мәліметті жариялаған адамдардың аккаунттары бұғатталып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 26.12.2023 | 13:51
Фото: marvel_dc

Әйгілі актер Джеки Чан шұғыл түрде Шанхайдың Лин Шан ауруханасына жеткізілді.

Metaratings.ru порталының хабарлауынша, 69 жастағы актердің жағдайы өте қиын. Оған дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Бұл ақпарат әзірше расталмаған. Дегенмен Қытайдың әлеуметтік желісінде актердің денсаулығы туралы барлық мәлімет тез арада өшіріліп жатыр деген дерек бар.

Джеки Чанның денсаулығына қатысты қандай да бір мәлімет жариялаған адамдардың аккаунттары бұғатталып жатыр, – деп хабарлады Meta MMA.

Әзірше Джеки Чанның жағдайы туралы актердің туыстары мен жақындарынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама