×

Елімізде әуежайдағы VIP залдың қызметін қолданатындардың тізімі жарияланды

Оған барлығы 46 адам кіреді

 Еркеғали Болатұлы 25.12.2023 | 15:55
фото: bangkokbook.ru

Көлік министрлігі Қазақстан әуежайларында арнайы бөлінген залдың қызметін қолданатын азаматтардың тізбесіне толықтырулар дайындады.

Осылайша, әуежайлардағы VIP залдардың қызметін қолданатындардың тізімі «Алтын Қыран» орденінің және «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарының иегерлерімен толықтырылады.

Барлығы тізімге 46 лауазымды тұлға кіреді.

Оның ішінде:

  • Президент;
  • Премьер-министр;
  • Парламент Сенатының төрағасы;
  • Парламент Мәжілісінің төрағасы;
  • Мемлекеттік кеңесші;
  • Президент әкімшілігінің басшысы;
  • Конституциялық соттың төрағасы;
  • Жоғарғы соттың төрағасы;
  • Ұлттық банк төрағасы;
  • Орталық сайлау комиссиясының төрағасы;
  • Премьер-министрдің орынбасарлары;
  • Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
  • Бас прокурор;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Жоғарғы есеп сотының төрағасы;
  • Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың әкімдері;
  • Қазақстанның саяси партиялардың жетекшілері;
  • ҚР президентінің отбасы мүшелері;
  • ҚР президентінің жеке қонақтары;
  • Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің басшылары және т.б. бар.

Құжат 10 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтына жарияланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама