×

Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған экс-депутат басшылық қызметке тағайындалды

Мәди Ахметовті бұл қызметке Алматы облысының әкімі тағайындаған

 Халық үні 25.12.2023 | 11:24
Фото: Владислав Воднев

Бұрынғы мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Мәди Ахметовті бұл қызметке Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев тағайындаған.

Сондай-ақ Мәди Ахметовтің әр жылдары Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Халықаралық бизнес университетінің қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері болғаны көрсетілген.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы да болған.

Ол Парламент мәжілісінің депутаты болған, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында штаттан тыс кеңесшісі ретінде қызмет атқарған.

Айта кетейік, Мәди Ахметов мәжіліс сайлауынан кейін сынға ұшырады. Көпшілік оның 2019 жылы Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Көшбасшылыққа 30 жыл» халықаралық ғылыми конференциясында тұңғыш президентке ескерткіш орнату туралы ұсынысын еске алды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, біз жастар атынан мемлекетіміздің негізін қалаушы ретінде және еліміздің дамуына қосқан елеулі үлесіңіз үшін Алматыдағы Назарбаев даңғылында сіздің ескерткішіңізді орнатуға қатысты ұсынысымызды қабылдауыңызды сұраймыз, – деді Мәди Ахметов сол кезде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама