×

Астанада әйел бірге тұрып жүрген адамның көлігі мен ақшасын алып кеткен

Қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 23.12.2023 | 16:26
Фото: видеодан скриншот

Астаналық әйел бірге тұрып жүрген адамның көлігі мен 23 млн теңгесін алып кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлернің мәліметінше, оқиға 20 желтоқсанда Қосшы қаласында болған. Полицияға ЖШС басшысы, елорда тұрғыны өтінішпен жүгінген.

Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған. Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында 23 млн теңге салынған сөмке бар деп мәлімдеген.

52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды. Бұл факт ҚР ҚК 389-бабы 2-бөлігі бойынша тергелуде. Қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама