×

«Алтын Тұғыр» ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі «Qazaqstan» телеарнасында көрсетіледі

«Алтын тұғыр» сыйлығы он номинация бойынша берілді

 Халық үні 23.12.2023 | 13:30
фото: Halyq Uni

Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Алтын Тұғыр» ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі «Qazaqstan» телеарнасында көрсетіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Астанада «Алтын тұғыр» жүлдесінің он жылдық мерейтойы аясында ұлттық спорт түрлері бойынша үздік спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды. Салтанатты марапаттау іс-шарасын 24 желтоқсан сағат 14:50-де «Qazaqstan» телеарнасынан көруге болады.

Салтанатты іс-шараға Парламент мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары мен көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты. Салтанатты кешке Қазақстанның барлық аймақтарынан спорт федерацияларының басшылары, спортшылар, жаттықтырушылар мен ұлттық спорт жанкүйерлері де жиналды. 

2023 жылы он номинация бойынша «Алтын тұғыр» сыйлығының иегерлері атанды:

«Тоғызқұмалақ» номинациясы бойынша — Жанат Каймульдин;
«Бәйге» номинациясы бойынша — Бекзат Ділдахан мен Еділ Таймерденов;
«Құсбегі» номинациясы бойынша — Кунтуған Арманбек;
«Көкпар» номинациясы бойынша — «Әулие ата» командасы;
«Аударыспақ» номинациясы бойынша — Сайлау Мұхаметжанов;
«Жамбы ату» номинациясы бойынша — Бексауыт Батыр;
«Теңге ілу» номинациясы бойынша — Бекнұр Серіков;
 «Дәстүрлі садақ ату» номинациясы бойынша — Аяулым Аппазова;
«Асық ату» номинациясы бойынша — Палодар облыстық құрамасы;
 «JORYQ» номинациясы бойынша — Жетісу облысы командасы;

Сондай-ақ салтанатты марапаттау кеші барысында ұлттық спорт түрлерінен жаттықтырушыларға марапаттар берілді. Олар:

«Тоғызқұмалақ» бойынша Аға жаттықтырушы — Арыстан Қапаев;
«Бәйге» жаттықтырушысы — Мұрат Досбергенов; 
«Құсбегі» бойынша Аға жаттықтырушы —Жомарт Кеуенов.  
«Көкпар» бойынша Аға жаттықтырушы —Есжан Құрманбай;
 «Аударыспақ» бойынша Бас жаттықтырушы —Жанбатыр Бекмұсаев;
 «Жамбы ату» бойынша Аға жаттықтырушы — Ербұлан Бекбосынов;
«Теңге ілу» бойынша Аға жаттықтырушы — Ақтілек Сәрсенов; 
 «Дәстүрлі садақ ату» бойынша Бас жаттықтырушы —Диас Ахметов;
 «Асық ату» бойынша бас тренер— Қуан Қалибек.

Айта кетейік, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына 10 федерация кіреді, оның ішінде «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Құсбегі», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Теңге ілу», «Дәстүрлі садақ ату», «Асық ату» және «JORYQ ат спорты» федерациялары бар.

Марапаттау іс-шарасын Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап кәсіпкер және меценат Исламбек Салжанов Қауымдастық Президенті болып тағайындалды. Салтанатты іс-шара «Amanat» партиясы, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өтті. Іс-шараның бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктесі – «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама