×

Астанада қазақ мектебіне баратын балалар саны көбейіп жатыр – әкім

Мегаполисте жаңадан салынып жатқан білім ордаларының басым көпшілігі – қазақ мектебі

 Дәурен Ерболат 22.12.2023 | 14:10
көрнекі фото: Halyq Uni

Елордада балаларын қазақ мектебіне беретін ата-аналар саны жыл сайын көбейіп келеді. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Орталық коммуникация қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатындан журналистердің бірі Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекке «Астана тұрғындарының басым көпшілігі (80%) – қазақтар. Бірақ олардың тең жартысы балаларын орыс мектебіне береді. Сізді кім ретінде мәселе алаңдата ма?» деп сұрақ қойды.

Жеңіс Қасымбек елордада салынып жатқан мектептердің басым көпшілігі қазақ мектебі екенін жеткізді.

Мысалы, 2-3 жыл бұрын сіз айтқан пайыз төмен болған. Жыл сайын қазақ мектебіне, қазақ сыныбына баратын қазақ балаларының саны көбейіп жатыр. Астанада 80-нен аса жаңа мектеп салынып жатыр. Олардың көбі (70-80%) – қазақ мектебі, - деді елорда әкімі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама