×

Еліміздегі ЖЭС-терге 15 мыңнан астам жұмысшы жетіспейді

Бір қазандық қондырғысына қызмет көрсету үшін кемінде 600 маман қажет

 Еркеғали Болатұлы 22.12.2023 | 13:44
фото: Orda.kz

Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының сарапшылары елдегі жылу электр станцияларына 15 мыңнан астам адам жетіспейтінін алға тартып отыр. Оның үстіне кадр тапшылығы барған сайын артып келеді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Сонымен қатар республика бойынша ЖЭО жаңғырту және жаңадан салу жобалары әзірленіп жатқаны айтылады. Оларға мамандар қажет. Ал Өскеменде әмбебап жылу энергетиктерін қарқынды түрде дайындау қолға алынып жатыр. Сонымен бірге, жылу электр орталығында техникалық студенттерге арналған оқу сыныптары ашылуда. Оқу бағдарламасына сай, олар кәсіпорында бір оқу күнін өткізеді: тәлімгерлердің бақылауымен цехтарда жұмыс істейді, турбиналық және электр жабдықтарына қызмет көрсетеді.

Өскемендегі жылу-электр орталығы цехының меңгерушісі Серік Байсаринов тәжірибелі адамдардың бірте-бірте азайып жатқанын айтады.

Біз үшін олардың қарапайым білім алғаны маңыздырақ. Ең бастысы, электромонтер немесе электрослесарьдан бастау, өсу және тәжірибе жинақтау керек. Бізден көп студент тәжірибеден өтеді, - дейді ол.

Келесі жылы шығыстағы ЖЭО үшін 200-ден астам сертификатталған маман дайындалады, бірақ бұл да көрсеткіш емес.

Телеарнаның хабарлауынша, еліміздің жылу электр станциялары бүгін де, жақын болашақта да кадрлық резервке мұқтаж. Өскеменде, Семейде және Көкшетауда бірден 3 ЖЭС салу жоспарланып отыр. Жылу энергетиктерінің айтуынша, бір қазандық қондырғысына қызмет көрсету үшін кемінде 600 маман қажет.

Өскемен мен Риддерге мамандар қазір қажет. Облыс орталығындағы жылу электр орталығы 6-қазандықты жаңғыртуға және салуға дайындалып жатыр. Қалада бүгінде 200 гигакалориядан астам жылу энергиясы жетіспейді. Энергия ресурстарының тапшылығы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысын бәсеңдетеді. Бұрын бас жоспарда бекітілген ғимараттар аяқталып жатыр. Әзірше жаңа жобалар тоқтап тұр.

Кадр тапшылығы, сайып келгенде, инфрақұрылымды кеңейте алмауымызға әкеліп соқтырады. Екібастұз бен Риддер қалаларында болған жағдайлар осы салаға, кадр даярлауға көңіл бөлудің қаншалықты маңызды екенін көрсетті, - дейді Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Сәуле Рахметуллина.

Айта кетсек, 2018 жылы еліміздің жоғары оқу орындарына «Жылу энергетикасы» мамандығына 972 студент қабылданған болатын. Енді олар республиканың жылу электр станцияларының ұжымына қосылады деп болжанып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама