×

Ресей азаматы «Семей аруы-2021» байқауының жеңімпазына қол жұмсады

Ол неден дәмелі болғанын білген соң, мен кетейін десем, дөрекі сөйледі, - дейді жәбірленуші

 Дастан Жұмабекұлы 22.12.2023 | 12:32
Фото: wikiway.com

Таиландта М.Н. деген Ресей азаматы 2021 жылғы «Семей аруы» байқауының жеңімпазына көшеде қырындағысы келіп, онысынан ештеңе шықпағаннан кейін қол жұмсаған, деп хабарлады baigenews.kz.

Порталдағы хабардан белгілі болғандай, 15 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де түрі Кавказ халқының өкіліне келетін белгісіз адам жәбірленушіге орысша сөйлеп, бір нәрседен дәмелі екенін айтқан. Ол Қазақстан азаматына жол бермей, әңгімесі жараспаған соң, қоқан-лоққы көрсеткен. Содан кейін жәбірленушіні екі рет бетінен ұрып, талдыра жаздаған.

Сол күні мен скутерімнің жанында өзіммен-өзім тұрған едім. Маған кейін аты-жөні белгілі болған М.Н. деген адам келіп, тиісе бастады. Мен кетейін десем, жол бермеді. Сосын ол бір нәреден дәмеленіп, сұраншақтана бастады. Ол неден дәмелі болғанын білген соң, мен кетейін десем, дөрекі сөйледі. Одан кейін бетімнен бір ұрды. Мен одан қашайын деп жатқанда тағы бір рет қол жұмсады. Ол менің аяқ-қолымды сындыратынын айтып, қоқан-лоққы көрсетті, – деді 2021 жылғы «Семей аруы» байқауының жеңімпазы.

Айтуынша, осыдан кейін ол полицияға арыз жазып, Қазақстанның Тайландтағы елшілігінен көмек сұрауға мәжбүр болған. Қазір полиция Ресей азаматына қатысты тергеуді бастады.

Порталдың хабарлауынша, Қазақстан азаматына қол жұмсап, денсаулығына зиян келтірген адам Ресейдің ММА мен кикбосингтен спорт шебері, Дағыстанның үш дүркін чемпионы, Мәскеу чемпионы болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама