×

Алматыда ірі модельдік агенттіктің атын жамылған қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ұсталды

Онда 300-ден аса адам жұмыс істеген

 Динара Амантай 22.12.2023 | 10:05
Фото: Halyq Uni

Алматы полициясы ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың 14 дерегін тергеп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның 4 дерегі трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оған басшылық етуге қатысты.

Осылайша, Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 300-ден астам веб-cam модель жұмыс істеген ірі модельдік агенттіктің атын жамылған және порнографиялық материалдарды тарататын трансұлттық қылмыстық топ ұйымдастырған азаматты ұстады.

Сонымен қатар жедел бөлімшенің мәліметінше, жыл басынан бері 23 адамның қылмыстық әрекетінің жолы кесілген. Заңсыз айналымнан 52 атыс қаруы, оның ішінде 20 тапанша, 4 автомат, 10 мылтық, 7 шолақ мылтық, 11 кесілген шолақ мылтық, сондай-ақ 350-ден астам оқ тәркіленді.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандарды сатудың 7, адам саудасының 1 дерегінің жолын кесті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама