×

Ерболат Досаев жаңа ауыс-түйіс туралы қауесетке тағы да түсініктеме берді

Бүгін Алматы қаласының әкімі БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді

 Халық үні 21.12.2023 | 16:01
Ерболат Досаев, фото: ОКҚ

БАҚ өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтан оны келесі премьер-министр етіп тағайындау туралы кейбір сарапшылардың болжамына түсініктеме беруін сұрады.

«Бұл сұрақ маған ОКҚ-де маусым айында өткен брифинг кезінде қойылған еді, енді міне тағы да қайталанып отыр. Бүгін мен сіздерге Алматыны дамыту бойынша атқарылатын жоспарлар туралы айттым. Мен орындалуға тиіс қазіргі жұмыстарға ғана назар аударамын. Егер сіз тереңірек үңіліп, «қазіргі жұмысыңыз ұнай ма?» деп сауал қойсаңыз, онда мен еш ойланбастан «ия, ұнайды» деп жауап беремін. Жұмысым өркениетті әрі осы бағытта өз қызметімді жалғастырғым келеді», - деді әкім.

Шаһар басшысы қазір алдында тұрған нақты міндеттерді атады.

Тағайындауға қатысты мәселелер сарапшылардың да, менің де құзыретімде емес. Үкімет те, әкімдер де өз деңгейінде жұмысын істеп жатыр. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Менің жеке басыма назар аударғаныңыз үшін тағы да рахмет. Бірақ менің жоспарымда тұрған басты мәселелер – қаланы дамыту бойынша аяқталмаған іс-шараларды жүзеге асыру, - деді Ерболат Досаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама